Асхат Аймағамбетовтің жалақысы азайды ма?
Асхат Аймағамбетовтің жалақысы азайды ма?
Фото: dalanews.kz
570
оқылды
Оқу және ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрлік бөлінгенімен жұмысы азаймағанын, жалақысы өзгермегенін айтты. Halyq Unі-нің хабарлауынша, министрдің өткен жылы жалақысы 900 мың теңгеден сәл асқан екен. «1 млн-ға жуық бала 10 мыңға жуық балабақшада тәлім-тәрбие алып, оқып жатыр. Сондай-ақ 800-ге жуық колледж бен қосымша білім беру ұйымдары, оған қоса балалардың құқығын қорғау мәселесі бар. Бізде 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жауапкершілігі бар. Сондықтан жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ», – деді Үкімет отырысынан соң Асхат Аймағамбетов. – Сондықтан  жалақым Үкімет бекіткен мөлшерде. Оны қайта-қайта айтудың қажеттілігі жоқ. Осыған дейін жалақымды 3-4 рет айтқнмын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл – мемлекеттің бекіткен мөлшері, – деді министр.