Ресейде әйел 2 ұлымен 6-қабаттан секіріп кетті
Ресейде әйел 2 ұлымен 6-қабаттан секіріп кетті
1,079
оқылды
Ресейдің Челябинск қаласында балабақша меңгерушісі 2 және 11 жастағы ұлдарын алтыншы қабаттың терезесінен лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен, –деп хабарлайды  SHOT  Telegram-каналы. Қайғылы оқиға 14 маусымда түн ортасында қаланың Металлургия ауданында болған.
«Балабақша меңгерушісі болып жұмыс істейтін 37 жастағы әйел алтыншы қабаттағы пәтерінің терезесінен алдымен кіші баласын (ол анасы жұмыс істейтін балабақшаға барған), содан кейін үлкенін терезеден лақтырып жіберген. Әйел мен оның кіші ұлы оқиға орнында көз жұмды. Ал 4-сынып оқушысы бас сүйек-ми жарақатымен және жамбас сүйегінің сынығымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде әйелдің мұндай әрекетке не себептен барғаны анықталып жатыр. Белгілі болғандай, балалардың әкесі бұрын «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотталған, қазір дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істейді. Бұл отбасы учаскелік полиция тізімінде тіркелмеген және әлеуметтік жағдайы нашар отбасына жатпаған. Марқұмның құрбысы оның соңғы кездері өзін біртүрлі ұстағанын, тіпті галлюцинация пайда болғанын айтады. Оның мұндай күйге түсуіне күйеуімен ажырасқысы келіп жүргені және отбасылық кикілжіңдер себеп болуы мүмкін деген болжам бар.