Алматы облысында үй ауласында белгісіз біреулер тұрғындарға шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы әлуметтік желіде тарады.
Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Оқиға Алматы облысының Бесағаш ауылында болған.
"Оқиға 13 маусымға қараған түні Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы "Аспан сити" тұрғын үй кешені маңында болған. Дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші бес жергілікті тұрғын бар, олардың екеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.