Синоптиктер 15 маусым күні еліміздің біраз аймағында дауыл болып, жаңбыр жауатынын ескертеді.Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі, ал күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертен және күндіз 15 маусымда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында орталығында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде батыста, солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.