Елордалық жігіт дауыл кезінде қайығы аударылып қалған баланы құтқарып қалды
Елордалық жігіт дауыл кезінде қайығы аударылып қалған баланы құтқарып қалды
629
оқылды
Нұр-Сұлтанда 20 жастағы жігіт дауыл кезінде суға ағып кете жаздаған баланы құтқарып қалды. Бұл оқиға туралы ақпарат Astanovka98 Telegram арнасында пайда болды.
Жігіт астанадағы дауылды видеоға түсіру үшін балконға шыққан кезде, қайығы аударылып, тасқа жармасып тұрған кішкентай баланы байқап қалған. Видео авторы көп ойланбай, дереу көмекке асыққан. Жігіттің айтуынша, үйден нөсерге қарамастан жүгіріп шығып, ұзақ уақыт бойы ешкімді таба алмаған. Кейін "Ағай, көмектесіңізші!" деген баланың даусын естіп, оны құтқарып алған. 
Баланы құтқарған елордалық жігіт жүзумен кәсіби түрде айналысады екен.