Қарағанды полицейлері қылмыстық топтан 198 келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Марихуана есірткі затының ірі партиясын облыс орталығына жеткізудің алдын алу үшін облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Жедел жұмыстар жүргізу барысында полицейлер өңірімізге ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдап жүрген Жамбыл облысының тұрғындарын анықтады.
– 12 маусым күні республикалық “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасының негізінде жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары барысында есірткі заттарын өңірге жеткізіп сақтау, сондай-ақ тасымалдады деген күдікпен 34, 39 және 56 жас аралықтарындағы Жамбыл облысының үш азаматын қолға түсірді. Ұсталғандардан 6 миллион 435 мың теңге ақша, сегіз қапқа салынған өсімдік тектес зат тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның 198 келі кептірілген марихуана есірткі заты екені белгілі болды, – деді Қарағанды облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен кеше кешкілік Алматы және Тараз қалаларынан осы қылмыстық топтың тағы да үш адамы ұсталды. Олардан Range Rover, Lexus автокөліктерімен қару тәркіленді.