Алматы – Өскемен тас жолында минивэн мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан, екі адам көз жұмып, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Жол апатының видеосы мен фотосы әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға14 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылының маңында болған.
Облыстық полиция департаменті Алматы – Өскемен тас жолының 336 шақырымында Toyota Alphard және Lada Priora автокөліктері соқтығысқанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша қарсы қозғалыс жолағына шыққан минивэн жүргізушісі апатқа себепші болған.
"Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Микроавтобуста болған сегіз адам түрлі жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық тергеу облыстық анықтау басқармасының өндірісіне берілді.