Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
Фото: Ақорда
1,293
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтып берді, –  деп хабарлады  РИА "Новости". 
"Төңкерістердің барлығының мақсаты билік басына басқа адамдардың келуі болған. Маған келер болсақ, қаңтар оқиғасы кезінде мен ешқайда кеткен жоқпын, Президент резиденциясында болдым.  Осында түнедім", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы оған ұшаққа немесе тікұшаққа отырып, елден кетуді ұсынғандар болғанын айтты.
"Мен қандай жағдай болса да, ешқайда кетпеймін деп ойладым. Кету туралы жоспарым болған жоқ", – деп атап өтті  Президент.