Түркістанда 9-сынып оқушысы ана атанды
Түркістанда 9-сынып оқушысы ана атанды
©kaz.zakon.kz
536
оқылды
Бұл дерек қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында айтылды. Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында босанған. Қазір кәмелетке толмаған ана баласымен бірге Аналар үйінде. Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабағын жібермеген. – 9-сынып оқушысы 24 қаңтар күні босанған. Кәмелетке толмаған ана мемлекеттік емтихан да тапсырмақ болған. Некрасов атындағы мектеп ұжымы осы жағдайға байланысты жиын өткізіліп, ұстаздар мен  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтарға ескертілді, – деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы Оразкүл Қолдасова.