Демонополизациялау комиссиясы: «Қазақтелекомның» ұялы байланыс саласындағы үлесін азайту қажет
Демонополизациялау комиссиясы: «Қазақтелекомның» ұялы байланыс саласындағы үлесін азайту қажет
©zakon.kz
256
оқылды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Оның барысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің электр және байланыс нарығын монополиясыздандыру бөлігіндегі ұсыныстары қаралды. Байланыс нарығын монополиясыздандыру шаралары аясында «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс қызметтерін көрсетудегі үлесін азайту туралы ұсыныс жасалды. Премьер-Министр аталған шаралардың экономикаға әлеуетті әсерін бағалау үшін айтылған тәсілдерді сарапшылық деңгейде пысықтауды тапсырды.