Қазақстан заңнамасынан елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік туралы жеке норма алынып тасталады. Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық туралы жалпы бап қалады. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
«Конституцияның 46-бабы жалпы нормаға келтіріледі, онда Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды», - деді Мусин журналистергеОл ұлт көшбасшысын қорлау туралы жеке бап жойылатынын мәлімдеді.
«Ел Президентін қорлау туралы басқа бап бар, ол қалады, ал Елбасы туралы бөлек бап болмайды. Қылмыстық кодексте Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін жалпы бап қалады, бөлек болмайды», - деп нақтылады министр.Сондай-ақ Әділет министрі Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
«Конституция бойынша Қазақстан Президенті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, басқа қылмыстар үшін де жауапқа тартылады», - деп жауап берген Мусин Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты.