Зорлық-зомбылық тыйылмай тұр
Зорлық-зомбылық тыйылмай тұр
50404463 - parents quarreling at home, child is suffering.
657
оқылды
Зорлық-зомбылықтың зардабын тартып отырған­дар – әйел­дер мен балалар. БҰҰ мәліметіне қарасақ, 2019 жылы әлем­де 50 мың әйел мен бала жұбайының немесе жақындары­ның қолынан қаза тапқан. Қиянат­ты өзгеден бұрын жасаушы – жәбір­ленушінің туған-туыстары екені аңғарылған. 2017 жылы тек әйелдердің өзін ғана есепке алсақ, 87 мың әйел зорлық-зомбы­лықтан көз жұмыпты. Адамзат үшін қасіретке балан­ған бұл қылмыс түрі Қазақстанда да тыйылмай тұр. Ішкі істер минстрлігі мен Бас прокуратураның дере­гінше, зорлық-зомбылық статистикасы 2015 жылдан 2018 жылға дейін 90 пайызға, тұрмыстық зорлық 104 пайызға өскен. Ең өкініштісі, Қазақстанда бір жылда 400-ден астам әйел күйеуінің қолынан қаза табады.
2018 жылы 18,5 миллион халқы бар Қазақстанда 1 130, 2019 жылы 1 080 әйел зорлығы бойынша қылмыс ашылған. Ал 42,2 миллион тұрғыны бар Украинада 2019 жылы 148 әйел зорлау фактісі тіркеліпті. Салыстырар болсақ, халқымыздың саны аздығын есепке алмаған күннің өзінде біздегі әйел зорлау қылмысының өршіп тұрғаны анық. Былтыр 4 000-нан астам әйел күйеуінен зорлық көргенін айтып, полицияға шағым берген. Осы секілді жаңалықтарға үңіле қалсаңыз, сандардан көз сүрінеді. Жыл басталғалы тағы бір қылмыс ашылды. Ақтөбеде 54 жастағы ер адам мүмкіндігі шектеулі туысын зорлап келген. Сал ауруына шал­дық­қан әйелдің зорланғаны сот-медициналық сараптама кезінде дәлелденіп, қылмыскерге қатысты іс сотқа жіберілді. Зорлық оқиға­сы­нан кейін Қазақстанда өмір сүргісі келмейтінін айтып, үш әйел өзге елдерге қоныстанған. Салда­рын білдік, жазасын берді деген күннің өзінде, қылмыстың себебі­мен күресе алмай отырғаны­мыз жасы­рын емес. Зорлық-зом­бы­лық­тың себебіне байланыс­ты бол­жам­дар өте көп. Біреу ішім­дік­ті құрту керек десе, енді бірі есірткі саудасына тосқауыл болған жөн дейді. 
Бала зорлаушылардың басым бөлігі қылмысты ақыл-есінің ауыт­қуынан немесе жыныстық сауат­тылықтың болмауынан жа­сауы мүмкін. Жыныстық сауат­ты­лықтың болмауы психологтарды да алаңдатып отыр. Ал әйел зорлы­ғына келгенде ішімдік жайы жиі қозғалады. Ішімдік бағасын қанша қымбаттатып, қоғамдық жерлерде заңмен тыйым салып жатса да, елімізде ащы сусынға құмарт­қандар саны азаяр емес. Зорлық-зомбылық себебі біз тізген фак­торлардан бұрын адамның тәрбие деңгейі мен жеке бас мәдениетіне байланысты деген де жорамалдар айтылады. Әйелдердің зорлығы тыйылмай тұрғанына қа­ра­ғанда, жалпы қоғамның құқық­тық сауат­сыздығы аңғары­лады. Арагідік айтылғаны болмаса, қазір­гі кезде әйел мен бала зорлы­ғына қатысты қоғам наразылығы байқалмайды. Халық ішінде қа­лып­тасқан жаңсақ стереотиптер де бар. Оның бас­тысы – әйелдердің ерлерден бір саты төмен тұруы. Әйелдер күйеуі­мен ажырасуды абыройсыз көріп, соның салда­рынан жұбайының ұрып-соққа­нына көнеді. Еуропа елдерін­де «әйел мен бала құқына қоғам бір кісідей жауапты» деген түсінік қалыптасқан. Әр кез әйел­дер құқын сақтау – зорлық-зомбы­лық­тан сақтанудың басты шарты. Осы тұста құқық қорғау саласы мен әйелдер мәселесінде зерттеу жүргізіп жүрген мамандар пікірін сұраған болатынбыз.    width= Дина ТАҢСӘРІ, «НеМолчи.Kz» қозғалысының жетекшісі: – Бұл – өте күрделі мәселе. Осы уақытқа дейін шындықты жасырып келдік. Қоғам болып кіріспесек, әйел зорлығы жақын арада азаяды деп айта алмаймын. Көп әйелдер өзінің зорланғанын айтуға ұялады, шағымданбайды. Сол себепті біз қылмыстың масштабын толық білмейміз. Өзгеріс болсын десек, әуелі шын деректерді, статисти­каны анықтауымыз қажет. Ол үшін емхана, ауруханаларға тек­серіс жүргізгеніміз абзал. Әр келген әйелді тіркеп отыру керек. Көп жағдайда әйелдер бір рет емес, бірнеше рет зорлық көреді. Поли­циялар мәселені шешуге дәрмен­сіз, ықылас танытпайды. Денсау­лық сақтау саласында да кінә көп. Зорлық фактісін психологиялық немесе дене жарақаттары тізіміне тіркей салады. Бөліп қарау керек. Билік пен қоғам біріге көңіл аударар деген ниетпен жеке тіркеу­ді біз үкіметке ұсындық. Зорлық-зомбылық – індет. Балабақшадан бастап тәрбиелемесек болмайды. Балабақшада тәрбиешілер айқай­лайды, айқай естіген бүлдіршін есейген кезде қоғамға мейріммен қарай ала ма? Билік бұл жайға көңіл аудару керек. Жалпы, адам құқы маңызды. Талай жыл бойы экономикаға, ақшаға назар ауда­рып келдік. Енді адамзат құнды­лық­тарына, отбасы ісіне назар аударатын уақыт жетті.    width= Арай ӘЛІМХАН, журналист: – Тұрмыстық өмір­де, жалпы елі­мізде тірке­ле­тін зорлық-зом­бы­лық бо­йын­ша ең көп жапа шегетін – әйелдер. Орташа есеп­пен, жылына Қа­зақстанда өз күйеуі­нен зорлық көріп, соның кесірінен 400-ден астам әйел көз жұмады. Бұл – елімізде күніне бір әйел күйеуінің қолынан қаза таба­ды деген сөз. Осындай қоғам­дағы дертті сәл де болсын жойып, зар­дап­пен күре­судің бір амалы – заңды одан ары қатаңдату. Заң бар, дегенмен құқық қорғаушылардың осалдығы, бейжайлығы білініп тұр. Әйел күйеуінен соққы жеп, по­лицияға шағымданса, «өз күйеуі­ңіз, ондай жағдайлар болып тұра­ды» деп жылы жапқысы келетіндер де бар. Әйелдерден де кінә жоқ емес – тұрмысқа шығатын әйел өз құқын толық біліп алғаны абзал. Тағы бір дүние – көршілердің бей­қамдығы. Өзіміз де көршіле­рі­міз айқай­ласып, баласы шыр-пыр болып жатса да, көңіл аудармай отыра береміз. Бейқамдығымыз – түрлі қылмысты көзімізше жасатып отыр. ТМД елдері мен Үндістан әйелге зорлық-зомбылық жасау көрсеткішінде «алдына қара салмайды». ТМД елдері комму­нис­тік көзқарастан арылмай, осы әрекетке барып отырса, Үндіс­танда түрлі қоғамдық факторлар себеп. Діннің бұл мәселеге кел­генде қатысы жоқ деп ойлай­мын. Ислам дінін ұстанатын (теріс ағымдарды есептемегенде) көпте­ген елде жағ­дай тұрақты, Еуропада әйел­дерге құрмет ерекше. Түйін­дей келе айтарым, қоғам тәр­бие­сін, санасын жетілдіру – басты мәселе.    width= Ләззат АХАТОВА, адвокат: – Өзімнің қыз­меттік тәжі­ри­бем­нен аңғар­ға­ным – бала зорлау­шылар­дың көбі байлар немесе материалдық жағдайы төмен кедейлер. Жұрт қатарлы ғұ­мыр кешіп, қоғамның бір бөл­ше­гіне айналған азаматтардан шыға қоймайды. Оңтүстік өңір­лерге қарасаңыз, бала зорлап, істі бол­ған­д­ардың басым бөлігі – жалда­малы жұмыс істеуге келген өзге елдің азаматтары. Бұл жағдай­ға немқұрайлы қарап отырған құқық қорғау органдары да бар. Таныстық пен ақша қылмыстық істі қылмыс­керлердің пайдасына шешіп берген де кездерін көрдік. Осыдан екі жыл бұрын бала зор­лаушыларды өлім жазасына кесу туралы заң шығаруын Үкімет­тен талап еттік. Ұсы­нысхатқа баласы үшін алаңда­ған мыңнан астам кісі қол қойды. Не себепті ұсыныстың жауапсыз қалғанын ұқпадық. Түптеп келген­де, бала зорлығы – қоғам дерті, психологиялық ауру. Бір фактор – қоғам кейбір адам шошырлық нәрселерді көре берсе, еті үйренеді. Біздегі интернетті аша қалсаңыз, ұятсыз фильмдер де көп. Жәй нәр­се көрінуі мүмкін, алайда адам санасын дертке ұшыратудың бір жолы. Ата-аналар балаларын қада­ға­лауды ұмытып кетіп жатады. Еуропа елдерінде бала құқын қорғауда ата-аналар рөлі жиі айты­лады. Бізге де осы әрекетке көшу керек-ақ.    width=Мадияр ТӨЛЕУ