Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы Алматыдағы көлік жуатын жерден табылды
Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы Алматыдағы көлік жуатын жерден табылды
© kaztag.kz
Шымкентте жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы Алматыдан табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.  Ведомствоның мәліметінше, Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгініп, 15 жастағы інісінің белгісіз бағытқа кетіп, сол күйі оралмағанын айтқан. Істі қолға алған полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ дереу баланы іздеуге кіріскен. Тәртіп сақшысы қаланы түгел шолып шығып, баланың жүруі мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде жасөспірім Алматы қаласындағы көлік жуу орталығында жалдамалы жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушы баланы ата-анасына аман-есен тапсырған. Шымкенттік полицейлер ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырып, жасөспірімдерді үйде жалғыз қалдырмау керектігін ескертеді.