«Медицина қай кезде де құрметке ие. Себебі денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Сауапты істеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Еңбекте табыс, төзім мен күш-қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді Бибігүл Аққожина.Мереке қарсаңында құрметке бөленген дәрігерлердің бірі, денсаулық сақтау саласының ардагері, 40 жыл ғұмырын медицинаға арнаған Есімжан Сәбитұлы да әріптестерін құттықтап, ақжарма алғысын білдірді. Айта кету керек, пандемияның соңғы екі жылында облыстық бюджеттен ауруханалардың материалдық-техникалық жабдығын жақсартуға 12 млрд теңге, ал күрделі жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сондай-ақ жас мамандарға көтерме ақы төленуде.
Азат ҚАЗАҚ