Елімізде сал ауруымен (ДЦП) ауыратын нәрестелер саны жылдан-жылға артып барады. Дәрігерлердіңайтуынша, бұлаурумидыңзақымдануынанжәнеіштегішарананыңдұрысдамымайқалуысалдарынанпайдаболадыекен. Алоныңалдыналумүмкінбе? Салауруыныңкөбейіпкетусебебінеде? Осыретте University Medical Center (UMC) корпоративтікқорыныңБалалардыоңалтуҰлттықорталығыныңневролог-реабилитологыДәулеткерейАманжолменсұхбаттасқанедік.– Дәулеткерей Аманжолұлы, сал ауруы және оның пайда болу себептеріне тоқтала кетсеңіз? Оның алдын алудың қандай шаралары бар?
– Балалардың сал ауруы (ДЦП) – орталық жүйке жүйесі ауруларының ішіндегі ең көп кездесетін түрі. Бұл тірек-қимыл, психикалық және сөйлеу жүйесі бұзылуының жалпы жиынтығы. Ол баланың іште даму кезеңдерінде, босану үстінде және дүниеге келгеннен кейін бір айға дейін әртүрлі мерзімде түрлі себептерден пайда болады. Қазір оған басты себеп – гипоксия. Гипоксия дегеніміз – балаға оттегінің жетіспеуі. Бұл экологияға, сыртқа зиянды фокторларға, ананың бойындағы әртүрлі патологияға байланысты туындайды. Негізгі себептері сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Ішкі фокторларға: анемия, ЖРВИ, тыныс алу жүйесі қызметінің жетіспеуі, гормоналдық өзгерістер және түрлі себептермен плацентарлық қан айналымының бұзылуы секілді жағдайлар жатады. Сыртқы фокторлар – экология, ауа райы, дұрыс тамақтанбау, анасына жүктілік кезеңінде қажет дәрумендердің жетіспеуі, болашақ ананың ұзақ уақыт стрессте болуы, қатты қажуы.
Енді сал ауруының алдын алу шараларына келер болсақ, баланың қай кезеңде, қалай дамып келе жатқанын анықтау қиын. Алдын алу шарасында анасының таза ауада көп жүруі, қатты қажымауы, егер қандай да бір анемия анықталып жатса дер кезінде емделуі қарастырылады. Көп аналар дәрігердің кеңесін алмай дәрі қабылдап жатады, бұлай кез келген дәріні ішуге болмайды. Өзіңіз білесіз, бала туғаннан кейін нәрестенің денесі сарғая бастайды. Сәби денесінің сарғыштануы 10-15 күнге дейін жүретін болса, бұл қалыпты жағдай. Ал ДЦП-мен ауыратын балалардың денесі 1 айға дейін сарғыштанып тұрады. Бірақ осы себепті ауырады деп айта алмаймыз. Сарғайғанын дәрігерге уақытында айту, сарғаюға байланысты арнайы анализ тапсыру керек. Анализ биохимиялық талдау деп аталады, ол билирубин деген пигментті анықтайды. Билирубин – өт пигменті, ол барлық балаларда болады. Ағзада билирубиннің бөлінуі бұзылса, дене мен көз сарғыштанып кетеді.
– Балаларды оңалту орталығында қазір қанша бала қаралып жатыр? Неше жасқа дейінгі балаларды емдейсіздер?
– Бүгінгі таңда Қазақстанда 26 000 бала сал ауруына (ДЦП) шалдыққан. Ал елімізде бір жылда 2000-3500 бала туа бітті, туғаннан кейінгі түрлі себептермен мүмкіндігі шектеулі болып туады. Осының ішінде ДЦП 30-70% қарайды. Ұлттық балаларды оңалту орталығында айына 300-305 бала келіп емделеді. 24 күн бойы үздіксіз емдеп, сосын 24 күн баланы демалуға жібереміз. Бала әбден тынығып келген соң тағы да бақылауға аламыз. Біздің ауруханада 1-18 жас аралығындағы балаларды емдейміз. Негізінен балалар әртүрлі мамандарға барып қаралады. 18 жасқа толғаннан кейін олар ересек адамдар санатына жатады, сондықтан кейбір мекемелерге барып ақылы түрде қаралып, басқаша хаттамамен емделеді.
– Сал ауруының бірінші қандай белгілері білінеді, оны қалай анықтауға болады?
– Ерте байқалатын белгілері: бала туғаннан кейін дұрыс ембей, басын алып қашып, қайта-қайта құсып, салмақ қоспай, жай жатқанда да мазасызданады. Егер бір айында нәресте қатты дыбыстарға мән бермесе, ұзақ уақыт көзін жұмбаса, күлмесе, сәбидің денсаулығын бақылауға алған жөн. Негізінен бала екі айынан бастап мойны қатайып, 3 айында күле бастауы тиіс. Уақытымен дамыған бала 1 жасқа толғанда еңбектеу керек. Көтерген кезде мойны қатаймай, айналаға таңдана қарап, анасына күліп ешқандай белгі білдірмесе, сонымен қатар баланың отыруы, жүруі кеш қалыптасса, жасқа толғанда өздігінен жүре алмаса, бұлар – сал ауруының ерте байқалатын белгілері.
– Бұл аурудан бала түбегейлі сауығып кете ала ма? Оны шешу мәселелері қандай?
– Өкінішке қарай, баланы түбегейлі сауықтыру мүмкін емес. Өйткені оның басты себебі – мидың зақымдануы. Адам миы бір бұзылса, орнына келмейді. Бірақ оңалтудағы басты мәселе – баланың моторикасын барынша қалыптастыру, жүрмейтін баланы жүргізіп қол-аяқтарының икемділігін дамыту, қоғамға бейімдеу. Оңалту барысындағы қиындықтардың бірі – ертерек диагноздың қойылмауы. Көбінесе балаларға дер кезінде диагноз қойылмай, оңалту шарасын кеш бастап жатады. Баланың миы 8 жасқа келгенде ересектермен бірдей дамып кетеді. Әдетте бала 1 айда 400-500 грамм салмақ қосады. Мидың дамуы да соншалықты тез жүріп отырады. Ал бұған қаншалықты ерте диагноз қойсаңыз, емдеу нәтижесі де соншалықты жоғары болады. Сол себептен ерте қамданып, ерте емдеткендеріңіз жақсы. Кеш басталған оңалту шараларының ерте бастаған шараларға қарағанда балаға тиімділігі аз.
– Әңгімеңізге рақмет!