Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел соғады
Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел соғады
909
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 19 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі.

19 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 19 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

19 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20 м/с. Шымкент қ: 19 маусымда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: 19 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық сақталады. Қостанай қ: таңертең және күндіз 19 маусымда найзағай күтіледі.

19 маусымда Шығыс Қазақстан облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 19 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 19 маусымда найзағай күтіледі. Жезқазған қ.: күндіз 19 маусымда 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 19 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз 19 маусымда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

19 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

18 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 18 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.