Бәлкім, бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар – Ақбота Нұр біртүрлі жазба жариялады
Бәлкім, бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар – Ақбота Нұр біртүрлі жазба жариялады
858
оқылды
Белгілі эстрада әншісі, актриса, Ақбота Нұр есімімен танымал Ақбота Нұрабайқызы әлеуметтік желідегі парақшасына оқырмандарын алаңдататындай жазба жариялады.
«Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып, Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып. Аламанға салсаң озар, әй қайдам, Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.
 
Мен - әйелмін, қырық жан бар бойымда, Шырқыраймын, талай уайым қойында. От шарпыса шыдай түсем ерімей, Себебі мен ұқсап кетем шойынға...» деп жыр жазады әнші.
Оның астында «Бәлкім, бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс... Еңлік сияқты күн кешіп жүрген құрбандар қаншама?! Бақыттың кілті…» деген Ақбота Нұр.
Пікірге оқырмандардың дені: «Сендіретін, жүрекке жеткізетін, өткір, жанды, тірі , қабілетті әртіс! Тек кинодан көрейік бұндай көріністі, ал шынайы өмірің онсыз да балдай, ары қарайда тәтті күндер кеше ғой сіңлім!» деп жазса да, әншінің өміріне расымен алаңдап қалғандар да баршылық.