Ақтөбеде жоғалып кетіп, қараусыз қалған резервуардан табылған бала ауруханада көз жұмды.
Оқиға 30 мамыр күні болған. 9 жастағы бала ойнап жүріп ескі элеватордың шұңқырына түсіп кеткен болатын. Кейін ата-анасы полицияға қоңырау шалған. 102 нөміріне хабарлама 31 мамыр күні сағат 23:31-де түскен. Бірден іздестіру жұмысы жүріп, бала тереңдігі 10 метр болатын резервуардан табылды. Бірақ, жағдайы өте нашар болды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оны резервуардан көтеріп шығарып, балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Облыстық балалар ауруханасына түскен оқушының жағдайы өте ауыр болған. Ол ем-шараға қарамастан, сол күйі есін жия алмаған. Бала кеше сағат 22:00-де көз жұмды.