Қазақстандық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис командамен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім бойынша ол жылына 50 млн рубль (шамамен 870 000 доллар) жалақы алады.
"Спорт-Экспресс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең қымбат ойыншыларының жаңа тізімін жариялады. Тізімде 160 хоккейші бар. Олар 25 миллион рубльден жоғары айлық алатын ойыншылар.
"Барыс" ойыншысы Никита Михайлис осы тізімде 38-орынға жайғасты (жылына 50 миллион рубль - шамамен 380 миллион теңге).
Ал жаңа тізімдегі ең қымбат ойыншы ярославльдің "Локомотивтің" хойккейшісі Максим Шалунов - 90 миллион рубль.