"Барыс" көшбасшысы КХЛ-дің ең қымбат ойыншылары тізіміне енді
"Барыс" көшбасшысы КХЛ-дің ең қымбат ойыншылары тізіміне енді
476
оқылды
Қазақстандық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Никита Михайлис командамен жаңа келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім бойынша ол жылына 50 млн рубль (шамамен 870 000 доллар) жалақы алады. "Спорт-Экспресс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ең қымбат ойыншыларының жаңа тізімін жариялады. Тізімде 160 хоккейші бар. Олар 25 миллион рубльден жоғары айлық алатын ойыншылар. "Барыс" ойыншысы Никита Михайлис осы тізімде 38-орынға жайғасты (жылына 50 миллион рубль - шамамен 380 миллион теңге). Ал жаңа тізімдегі ең қымбат ойыншы ярославльдің "Локомотивтің" хойккейшісі Максим Шалунов - 90 миллион рубль.