Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың дерек шықты
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың дерек шықты
2,312
оқылды
Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралыАқжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне "Джонни" шет мемлекеттің аумағында ұсталды", - деп хабарлады адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.
Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста. Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталды. Ол Нигерия азаматтарының Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауға келіскен. Гуанчжоудан шыққан кезде оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы білмейтінін айтады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ. Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жылдан бері күтіп отыр. Маусымда қазақстандық дипломаттар Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлады. Бұған дейін қорғаушысы Ақжарқын Тұрлыбайдың хатын жариялағанын жазған болатынбыз.