Белгілі эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова Инстаграмм желісіндегі парақшасына жеке өміріне қатысты тағы бір жазба жариялады. Ол оқырмандарының бірі қойған сауалға байланысты соңғы күйеуі туралы атап өткен. "Имам кісі сізге үйленуге ұсыныс жасаса, қалай қабылдайсыз?" деп сұрағын қолданушылардың бірі.
"Менің бірінші жолдасым намазхан емес еді, ол адамда бәрі керісінше болды. Ал, екінші жолдасым намазхан, тіпті умраға 7-8 рет барғанынан бөлек, үлкен қажылығын өтеген қажы еді. Бірақ күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе намазхан болу мен үшін енді көрсеткіш емес”, – деп жазды әнші.
Еске салсақ, әнші Мөлдір Әуелбекова бірнеше мәрте тұрмыс құрып, ажырасқан. Жақында ғана екінші некесімен дәм-тұзы жараспай, әнші жеке кеткен болатын. Қазіргі таңда Мөлдір Әуелбекова бірнеше кәсібін дөңгелетуге кірісіп кетті.