Бозжырада қыран ұясын қорғап дронды қағып түсірді
Бозжырада қыран ұясын қорғап дронды қағып түсірді
2,351
оқылды
Маңғыстау даласындағы Бозжыра аймағын бейнетаспаға түсіріп жатқан әлдебіреулердің дронын көкте қалықтап жүрген қыран қағып түсірді. Бұл көріністі әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі жариялады. Бейнежазбадан қалықтап жүрген қыранның көкті айналып келіп, дронға шабуыл жасағанын көруге болады.
Видеоға қатысты пікір білдіргендердің бірі: «Адайлардың қырандары да батыр болып тұр ғой» деп жазса, тағы бірі: «Тыныштық беріңдер, табиғатты ызылдап, шулап, білгендеріңді жасамай» деп ашуланған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ҚҰРАН ЖӘНЕ СҮННЕТ📚 (@quran_jane_sunnet)