Маман тапшы өңірлерге барған педагогтердің жалақысы 150%-пен төленеді – министрлік
Маман тапшы өңірлерге барған педагогтердің жалақысы 150%-пен төленеді – министрлік
595
оқылды
Педагог тапшы және білім сапасы нашар аймақтарға барып жұмыс істейтін мұғалімдер үшін республикалық бюджеттен арнайы қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.
«Маман тапшы және білім сапасы нашар өңірлерге баратын мұғалімдерге республикалық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Ол үшін педагог бірнеше кезеңнен тұратын сынақ тапсырады. Бағдарламаға қатысып жеңімпаз атанған мұғалімдердің жалақысы 150 пайызбен төленетін болады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отбасылы ұстаздарды орналастыру, балаларын мектепке беру секілді мәселелер сол жерде шешіледі. Сонымен қатар тапсырманы сәтті орындап, жолдама алған мұғалімдер барған жерінде 4 апта бойы біліктілігін арттырады», - деді Гүлмира Кәрімова министрліктің «Oqu-ağartu LIVE» жобасының тікелей эфирінде.
Мұғалім тапшы және білім сапасы нашар өңірлерге баратын педагогтер 5 жылдық келісімшартқа отырады.