Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады
Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады
1,181
оқылды
Қызылордалық полицейлер аймақта тағы бір ірі есірткі алқабын анықтап, оның көзін жойды. Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті бірлесіп жедел іс-қимыл жүргізді. Жедел шара нәтижесінде, Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны тұтқындалды. Ол Шиелі ауданындағы жер учаскесіндегі қалың сексеуіл арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккен.
«Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті.