BBC News-тің хабарлауынша, Үндістанның Ассам штатында ірі су тасқыны орын алды. Оның салдарынан 45 адам қаза тауып, 4,7 миллионнан астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған.
Бұрын-соңды болмаған нөсер салдарынан штаттың 35 округінің 32-сінде ауылдар мен егістіктерді су басып, үйлер қирады.
[caption id="attachment_202441" align="alignnone" width="1200"] Фото: BBC news[/caption]
Су тасқыны болған аймақта үкімет эвакуацияланған адамдар үшін 1425 көмек лагерін ашты.
Ассам штаты мұндай жағдайға биыл екінші рет тап болып отыр. Бұған дейін, мамыр айында болған табиғи апаттан 39 адам қайтыс болған.
[caption id="attachment_202442" align="alignnone" width="1200"] Фото: BBC news[/caption]
Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында штатта жауын-шашын орташа деңгейден 109%-ке жоғары болған. Үндістандағы ең үлкен өзендердің бірі – Брахмапутрадағы су деңгейі бірнеше жерде қауіпті деңгейден жоғары болып тұр.
Нөсер жаңбырдың әсерінен көршілес Мегхалая штатында да соңғы аптада 18 адам қаза тапқан.