Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша екі банкке кезекті транш бөлінді, деп хабарлайды "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ.
Бөлінген лимит мөлшері:
"Еуразиялық банк" АҚ – 10 млрд теңге;
"Қазақстан Халық банкі" АҚ – 7,5 млрд теңге.
Осылайша бағдарлама басталғалы бері төрт банкке барлығы 90 млрд теңге берілді.
Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.
"Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті - 8 миллирад теңге. Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді", - делінген хабарламада.