«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ерекше жандарға сый-сыяпат көрсетті.
Филиалдың атқарушы хатшысы Бекзат Алтынбеков өз сөзінде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсету мемлекеттің басты назарында екенін және партияның әлеуметтік жобалары аясында жүйелі жұмыс істеліп жатқанын атап өтті.
Партия тарапынан тұрғындарға қаладағы ірі сауда үйінің сертификаттары табыс етілді.
Кездесуге Абай қаласынан арнайы келген «Бірлік» шығармашылық ұжымы әуезді әндер шырқады.
Жиналғандар партияның жергілікті филиалы басшылы-ғына жүрекжарды лебізін білдіріп, көңілді тарқасты.