Дәрігерлер өгей әкесі зорлаған 8 жастағы қыздың жатырын алып тастады
Дәрігерлер өгей әкесі зорлаған 8 жастағы қыздың жатырын алып тастады
Фото: AstanaTV сюжетінен скриншот
3,915
оқылды
Түркістан облысында 8 жастағы қызды өгей әкесі зорлаған, – деп хабарлайды AstanaTV. Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болған. Қыздың анасының айтуынша, оқиға 23 ақпан күні болған. Әйелінің ауруханаға кеткен сәтін пайдаланған күйеуі көрші ауылдағы бағып жүрген малын тастап, үйіне жеткен көрінеді. 3-сыныпта оқитын қызды зорлаған. Көп қан жоғалтқан кішкентай қызды одан кейін сабаққа жіберген. Бастапқыда «құлап қалды» деп сылтауратқанымен, артынша кешірім сұрап мойындапты. Қыздың анасы Райхан: «Оқиғаны балам да көрген. Пердені ашып қарап тұрған балама «кет» деп айтқан ғой. Соны кеше ит мойындап отыр. Маған керек емес ондай ит, қоғамға да керек емес...», – дейді. 8 жастағы қызға екі рет операция жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Анасы қызының ана болу мүмкіндігінен айрылғанын жақында ғана сотта естіген. 3,5 жылдан бері қызына азғындық жасап келгенін де енді білген. 8 жастағы Әселмен қазір психологтер жұмыс істеп жатыр.   https://youtu.be/cbNdEbIh6AM