Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болған адамдардың тізіміне енген
Алматы тұрғыны құрбысының кесірінен қайтыс болған адамдардың тізіміне енген
Фото: nur.kz
444
оқылды
Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, жалған құжат жасатқан құрбысының кесірінен Алматы тұрғыны зардап шекті. Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласы тұрғынының қайтыс болғаны туралы акті жазбасының күші жойылды. Прокурорлар А. есімді азаматшаға танысы жеке куәлігін жасап бергенін, бірақ құжатқа өзінің фотосуретін жапсырғанын анықтады. Яғни, анкеталық мәліметтерде азаматша А. туралы жазылған. Ал фотосуретте оның құрбысы азаматша Б. болған. 27.09.2021 жылы азаматша Б. ауруханада қайтыс болған. Сол кезде Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАЖ жалған құжат негізінде оның қайтыс болғаны туралы акті жазған. Жалған құжаттың кесірінен А. есімді әйел барлық органдарда қайтыс болған адам ретінде есепте тұрған. Мән-жайды анықтаған Түрксіб ауданының прокуратурасы өтініш берушінің мүддесі үшін қайтыс болу туралы акті жазбасын күшін жою туралы талап-арыз берді. Сот қадағалау органының талап-арызын қанағаттандырды. Актінің күші жойылды. Осыдан кейін ресми құжатты қолдан жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.