Ұлытауда екі оқушы қыз суға батып кетті
Ұлытауда екі оқушы қыз суға батып кетті
Фото: erm-news.ru
292
оқылды
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ұлытауда суға батып кеткен екі қыздың денесі табылды. 10 және 12 жастағы қыздардың денесі Ұлытау облысы Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасынан табылды. Екеуінің де үстінде киімі болған. Біріншісін балықшы, екіншісін құтқарушылар тапқан. 20 маусым күні Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылынан 20 шақырым жердегі су қоймасына 2009 және 2012 жылы туған екі бала батып кетті. Қыздардың денесін судан ТЖД құтқарушылары мен куәгерлер алып шықты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.