Абаттандыру жұмысы елорданың барлық ауданында, сондай-ақ елді мекендерде де жүріп жатыр. Осыған байланысты жоспарға қала тұрғындары жүгінген, аулалары ескірген, осыған дейін бос жатқан орындар мен батпақты тұстар және т.б. учаскелер енгізіледі.
Қаланы аралау барысында Сейфуллин, 9, 9/1, Бөгенбай батыр, 35, Абай, 63, Тархан, 9, Пушкин, 1, 3/1, Кравцов, Целинный шағынаудандары және өзге де мекенжайларда орналасқан аулаларға бардым.
Биыл жүргізілетін жұмыстардың көлемін ескерер болсақ, абаттандырылған аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саны 700-ге жетеді. Бұған қоса қолданыста бар аулаларға да көңіл бөлеміз. Қала тұрғындарын абаттандырылған орындарға ұқыпты қарауға шақырамын, себебі аулалардағы барлық жағдай тұрғындар үшін жасалады», – деп жазды әкім.
https://youtu.be/DQH8Cma6cwU
Фото: Александр Куприенко