1 шілдеден бастап шағын несиелер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынбақ
1 шілдеден бастап шағын несиелер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынбақ
9,421
оқылды
Елімізде төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредиттердің деңгейі 45 млрд теңгені құрады және мерзімі өткен микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың жалпы саны 388 мың адамға жетті.  1 шілдеден бастап елімізде тұтынушылық микрокредиттер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахмановтың жауабында айтты. «Төлемге қабілетсіз қарыз алушыларға микрокредиттер беруді болдырмау, сондай-ақ борыш жүктемесін және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін агенттік микрокредит беру сегментінде реттеу іс-шараларының топтамасын іске асырды», - делінген Нұрлан Әбдірахмановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында. Мәселен, оның атап өтуінше, микрокредиттер бойынша проблемалық берешек көлемін шектеу үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылық микрокредиттерге, оның ішінде онлайн микрокредиттерге қатысты міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуына 90 күн өткеннен кейін комиссиялар мен айыпақыны есептеуге заңнамалық түрде тыйым салынды.
«Бұған қосымша, микрокредит бойынша мерзімі өткен берешектің өсуіне жол бермеу үшін 2022 жылғы 1 шілдеден бастап міндеттемелерді орындау мерзімі 90 күн өткеннен кейін тұтынушылық микрокредиттер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салуды белгілеу бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды», - деді ол.