Елжан Біртановтың ісі бойынша сот отырысына Мамин, Тоғжанов, Дүйсенова, Мусин куәгер ретінде қатысатын болды
Елжан Біртановтың ісі бойынша сот отырысына Мамин, Тоғжанов, Дүйсенова, Мусин куәгер ретінде қатысатын болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
3,924
оқылды
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша куәгер ретінде бірнеше лауазымды қызметкердің шақырылғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлім етті, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол Facebook парақшасында сот куәгер ретінде келесі адамдардың басты сот талқылауының тиісті отырыстарына шақыру туралы өтінішімді қанағаттандырғанын мәлім етті. Олар:
  1. Асқар Ұзақбайұлы Мамин, Қазақстан Республикасының бұрынғы Премьер-министрі, Менің 12-13.06.2020 жылы Жамбыл облысына қызметтік іссапарымның, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына санитарлық авиация бортымен оралуымның мән-жайлары бойынша.
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов 2021 жылғы қазанда ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ДСМ өкілдерінің қатысуымен ҚР-дағы Хорватия Елшілігінің, Эриксон Никола Тесла компаниясының өкілдерімен келіссөздерге қатысты.
  3. Дүйсенова Тамара Қасымқызы, ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, интероперабельділік платформасын әзірлеу бойынша конкурс өткізу, Эриксон Никола Тесламен келісімшартқа қол қою, оған өзгерістер енгізу және оны 2017 жылғы қаңтарға дейін іске асыру жағдайлары бойынша.
  4. Мусин Бағдат Батырбекұлы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, «2020-2022 жылдарға арналған платформаны енгізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР ДСМ-мен бірлескен бұйрыққа қол қою және іске асыру, сондай-ақ іске қатысы бар ҚР Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың басқа да жобаларын іске асыру жағдайлары бойынша.
  5. Марсело Бортман, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (Дүниежүзілік Банк) денсаулық сақтау саласындағы жобалар бойынша, конкурстық рәсімдерді өткізу, жеткізушіні таңдау, келісімшартқа, қосымша келісімдерге қол қою, оны іске асыру және аяқтау мерзімдерін ұзарту мәселелері бойынша жетекші маман.
  6. Бақтыбек Жұмаділ, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (Дүниежүзілік Банк) жобалары бойынша, конкурстық рәсімдерді өткізу, жеткізушіні таңдау, келісімшартқа, қосымша келісімдерге қол қою, оны іске асыру және аяқтау мерзімдерін ұзарту мәселелері бойынша аға маман.
«Бұрынғы әріптестерімнің шынайы айғақтары маған тағылған айыпта шындықты анықтау үшін көмектеседі деп сенемін!» – дейді Елжан Біртанов.
Айта кетейік, Елжан Біртанов ҚР Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған. Сол жылдың 30 қазанында Елжан Біртанов күдікті деп танылып, сол күні ұсталды. 1 қарашада мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановқа қатысты бір ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. 2020 жылғы 3 қарашада ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.