Президент 1 қазаннан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Президент 1 қазаннан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
© Ақорда
10,718
оқылды

Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетінін айтты. 

– Біз тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Біз полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.