12 миллион теңге сыйақы беріледі: Антикор Мәсімовке іздеу жарияланғанын тағы ескертті
12 миллион теңге сыйақы беріледі: Антикор Мәсімовке іздеу жарияланғанын тағы ескертті
Фото: dalanews.kz
862
оқылды
Нұрлан Мәсімов аса ірі мөлшерде пара алған деген күдікке ілінуде, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
"Сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір Мәсімов іздестірілуде. Егер Сізде оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, агенттіктің телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: call-центр 1424, +7 (7172) 909 260, +7 (727) 278 7300, +7 (707) 978 0808", делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Мәсімовтің орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 12 000 000 теңгеге дейін сыйақы көзделген. Хабарламаның құпиялылығына кепілдік беріледі.