Еркек болғаныма шүкір!
Еркек болғаныма шүкір!
560
оқылды
Еркек болып туылғаныма ше, қуаныып кетемін! Мүлт кетіп, қыз болып жаратылғанымда ше? Құдайым–ау, тойға баратын болсам, шашымды сарыға боятып, жігітіме деген махаббатымды оятып, тырнағымды өсіріп, жігітім ұнамай қалса, түкіріктеп  өшіріп, гүлдей жайнап, жалп-жалп, сағыз шайнап, тізеден жоғары көйлегімді денеме жабыстырып, өзімді Мадоннамен салыстырып, калготкиімді балтырыма тартып жатқанымда, тырнағым тиіп кетсе, долданып, қолтығыма бүркетін CHANEL, CENZO, OBSESSION-дердің бірін қолданып,  «нөлевой» төсіме төңкерілген каучукті жасырып, қулығымды сөйтіп асырып, сылаң-сылаң, бұраң-бұраң етіп, тойларда тайраңдамаймын ба? Билеген кезде, жігіттің алдына отыра кетіп, небір анайы қылықтар көрсетіп, жұрттың есінде қалмаймын ба? Содан, ернімді үлкейткім келіп, арнайы жерге бармаймын ба? – Ернімді семіртіп берсеңіз? – Маймыл ерін бе, есек ерін  бе? – Жоға, адамның еріні. – Томпайтайын ба, әлде, езуіңізге «қыдырып» кеткенін қалайсыз ба? – Топ-томпағын... – Астыңғы ерніңіз иегіңізге салбырап тұрсын ба? – Ойбай, керек емес, – Ерініңізге филлер  яғни гиалурон қышқылын егейін бе, әлде, ота жасатасыз ба? – Басқа қандай түрі бар екен? – Өз майыңызды сорып алып, ерніңізге айдаймыз. – Менің майым көп. Бір шелектей. Келісемін. Содан, ерніме қарасам, құдайым–ау, бетім жоқ! «Ерніңіз онсыз да әдемі екен, неғыласыз бүлдіріп?» – деген кеңесіне кердең ете қалып едім. Бетімнің бәрін ерін алып жатыр.  Енді, осыған сай етіп, бөксемді үлкейткім келді. – Бөксемді кішігірім қазандай етсеңіз, –деп сұрадым мен. – Кәстрольдей ме? – Жоқ, «дутый». – Глютепластиканың қай түрін қалайсыз? Өз майыңызды сорып, бөксеге айдау, немесе импланет салу. Соңғысымен келістім. Құдайым–ау, екі күннен кейін  «Дутый» жамбасымның бір жағы екіншісінен озып, ісініп кетті. Отырсам болды, қисайып кетемін.  «Вампері майысқан» машина сияқты болдым да қалдым! Дәрігерге келдім. – Қандай адамсыз? – Екі құлағы, екі көзі бар адаммын. – Не істеп қойдыңыз? – Қарындас, не болып қалды? – Жамбастарым ағалы–інілі сияқты болып қалды ғой? – Аа, бірі үлкейіп кетті ме? – Көріп тұрсыз ғой. – Сіздің иммунитетіңіз көтере алмады. Ескерттім ғой, қазақ қыздары, мұндайға неге әуес боласыңдар деп? Табиғаттың берген мүшесін қорлап,  ақырында сорлап... – Жұмысыңыз болмасын!  Екі жамбасымды да, бірдей етіп беріңіз! – Сіз... Кешіріңіз, шалбар кигенде, бір жамбасыңызға кішігірім  жастық салып... – Жүрейін сол, жастық салып! –деп кетіп қалдым. Қиялым ғой. Құдайым–ау, еркек болып жаратылғаныма шүкір! Еркек демекші... Айтайын ба? Айта салайын, ә?  Алматыда ерніне  ота жасатқан  Айша Қапалбаеваның (Есімі өзгерді.) аллергиясы бар екен, бүгінде ауруханада жатыр. Жарайды, бұл мәселе өз алдына тақырып дейік, еркек болып жаратылғанына қуанып жүрген жамбыл­дық шенеунік нағыз еркек екен! Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін әкесінен қалған мұрадай көріп, туыстарына тегін таратып келген шенеунік тоғыз жылға сотталды! Коммуналдық  меншік обьектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры Бақтыбаев құдайдан  да, азғырған шайтаннан да қоырқпай, үш жүз миллион теңге болатын  4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалай салған ғой! Міне, нағыз еркек! «Еркек болғаныма шүкір!» –дейтін көрінеді кезінде.  Ал, прокуроарлдар оның қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған! Міне, нағыз еркек! Бақтыбаев еркек!

Ратхұм МІРЕШ