Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды», - деді соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, 22 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшылары билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталған болатын.