Ақтаулық 8 жастағы оқушы ҰҚК-нің теңіз шекара қызметіне қабылданды  
Ақтаулық 8 жастағы оқушы ҰҚК-нің теңіз шекара қызметіне қабылданды   
Фото: видеодан скриншот
230
оқылды
Ақтаулық 8 жастағы оқушы еліміздегі "ең жас шекарашы" атанды. Ұлан Төлеуханды жуырда ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапаттаған. Бүгінде ол Каспий теңізінің аумағын күзетуге үлес қосып жүр, – деп хабарлайды Хабар24. Ол командирдің әр тапсырмасын қалт жібермей тыңдап отырады. Себебі кеменің қозғалысы мен экипаждың қауіпсіздігі соның қолында. Бүгін Ұлан – бақылаушы. Командирге координаттарын хабарлайды. Ол жақында «Сардардағы» топтың бейресми мүшесіне айналған.
 "Кемеде командирдің қызметі қиын деп ойлаймын, ол теңізшілерге тапсырма береді, қателік кетсе қайтадан айтып, істетеді. Қателік болмау керек. Достарым суреттеріме қарап қызығады, медаліме, формама қызығады", – дейді Ұлан Төлеухан.
Ұлан айына кемінде 3 рет осында келеді. Мұнда күні бойы сарбаздарға көмектесіп, түрлі тапсырма орындайды. Әскери көлікте өзін еркін сезініп, кәдуілгі теңізшілердей әрекет етеді. Ата-анасы да ұлына қолдау көрсеткен.
"Үйінде жүргендей сезінеді. Жас сарбаздармен тіл табысып алған, командирлердің бәрін біледі. Ұлан туғаннан бастап, менімен бірге шекара заставаларына шығып жүрді. Жұмыстан келген уақытта фурашкамды, көйлегімді киіп алады, төсбелгілерімді тағып жүреді", – дейді ҚР ҰҚК ШҚ МО бойынша департаментінің әскери-патриоттық басқармасының аға офицері, Ұланның әкесі Ерсін Қайбуллин.