Nur Otan праймериз өткізуді қолға алады
Nur Otan праймериз өткізуді қолға алады
5,301
оқылды
Бұл туралы Nur Otan пар­тиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек Сыбайлас жемқор­лық­­қа қарсы іс-қимыл агент­ті­гі­нің алқа отырысында айтты. Партия Төрағасы Бірінші орын­басарының айтуынша, орта­лықта, сондай-ақ өңірлерде сыбай­­лас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізушілерге қойылатын талаптар бар. Олар  объективті, принципшіл және жауапты болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезде пар­тия тарапынан Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестерге кадрларды таңдаудың тиімді жүйесі құрылуда. Сондай озық технологияның бірі ретінде Бауыржан Байбек партияішілік праймериз өткізуді атады. Бұл тәсіл тек партия жанындағы түрлі кеңес­терге ғана емес, партия аты­нан алдағы сайлауларға ұсыны­ла­тын адал, іскер, ел сенетін тұлға­лар­ды да іріктеуге өз септігін тигіз­бек.

– Барынша беделді, белсенді және жарқын тұлғаларды анықтау үшін, біз осы жылы партияның бас­қалармен қатар сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті электоратын құрай­тын кан­дидаттарды таң­дау бойын­ша партияішілік прай­ме­риз өт­кізе­тін боламыз, – деді Бауыржан Байбек.

Nur Otan партиясы тарапынан халықпен кері байланыс арнала­рын орнатуға ерекше назар ауда­рыл­ған. Бүгінгі күні сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық және аймақтық кеңестердің барлық басшылары өз аккаунттарын ашып, әлеуметтік желілерде бел­сенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта Кеңестердің партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара қарым-қаты­насы ұйымдастырылған, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке «жедел желі» ашылып, аза­мат­тардың ша­ғымдары бойынша әре­кет ету­дің нақты алгоритмі жасал­ған. Жедел желі арқылы барлық арыз-шағымдар кейіннен өзекті сы­байлас жемқорлық тәуекелдерін, оның ішінде мемлекеттік орган­дардың жұмысындағы тәуекел­дерді талдау үшін тіркеледі.   К. НАҚЫП