Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше сағат 16.00 шамасында болған.
Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Апатқа жол ережесін сақтамау себеп болған.