Өткен тәулікте Қазақстанда 67 адамнан коронавирус анықталды.
Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасы хабарлады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 13, Алматы қаласында – 52, Ақмола облысында – 1, Қарағанды облысында – 1.
Өткен тәулікте 12 адам COVID-19-дан емделіп шықты.
Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 306 300-ге жетті.