Қытай Қазақстан үшін визасыз режимді қарастырып жатыр
Қытай Қазақстан үшін визасыз режимді қарастырып жатыр
Фото: Корреспондент.net
797
оқылды
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпин Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесуде айтты. Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кездесу тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуде елші еліміздің Қытай азаматтары үшін 14 күндік мерзімге дейін визасыз режим енгізу жөніндегі жоспарын ескеріп, Қазақстан азаматтары үшін де ұқсас жағдай жасау мәселесін көтерді. Ху Хэпин Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол жыл соңында жоспарланған Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 15-отырысы екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Сонымен бірге Қытай министрі Қазақстан Үкіметінің елдің туристік әлеуетін дамыту бойынша қабылдап жатқан шараларына жақсы баға беріп, қытайлық тараптың Қазақстанда мәдениет орталықтарды құруға дайын екенін айтты. Кездесудің соңында тараптар ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшылары онлайн саммитінің қорытындылары бойынша уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын жасауға келісті.