Шымкентте 22 жастағы қыз жалдамалы пәтерден асылған күйі табылды
Шымкентте 22 жастағы қыз жалдамалы пәтерден асылған күйі табылды
© photo.99px.ru
2,287
оқылды
Шымкентте 22 жастағы бойжеткен өзіне қол жұмсады. Оның мәйіті құрбысымен бірге жалға алған пәтерінен табылды, – деп хабарлайды «Отырар». Қайғылы оқиға қаладағы 18-аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, ол пәтерге бойжеткен құрбысымен бірге он күн бұрын көшіп келген. Екеуі де жұмыс істеп жүрген, пәтерге тек кешке  келген. Үй иесі де қыздарға еш шағым түспегенін айтады. Қыздың асылып қалғаны туралы полицияға көршілері хабарлаған. Қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, жедел жәрдем келгенше ол жан тапсырған.
«Мәйітті визуалды тексеру кезінде мамандар дене жарақатын таппады. Аталған дерек  Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің СДБТ-не тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Шымкент қалалық ПД өкілдері.
Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз жүкті болған. Алайда басылым бұл нұсқаның ресми нақтыланбағанын жазады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.