Туды қоқыс шығару үшін қолданғандардың видеосы желіде тарады
Туды қоқыс шығару үшін қолданғандардың видеосы желіде тарады
Фото: stan.kz
446
оқылды
Әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қоқыс салатын қап ретінде пайдаланғандардың видеосы тарады. Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Алматының Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде болған. Сенбілікке жиналғандар мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланған көрінеді.
Елімізде Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті таныту, еліміздің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.
Сондай-ақ тудың өлшеміне қарамастан, ол ұлттық стандартқа сәйкес болуы керек екенін ескеру қажет.