Президент марапатына ие болды
Президент марапатына ие болды
377
оқылды
Қазақстан журналистерінің төл мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай еліміздегі бірқатар ақпарат құралы өкілдеріне Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы марапаттары тағайындалды. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қо­ғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұр­ғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақ­парат құралдарының елеулі рөлін ескере оты­рып, Қазақстан Президентінің бұқара­лық ақпарат құралдары саласындағы сый­лық­тарын беру, гранттарын тапсыру және Алғы­с­ын жариялау жөніндегі қоғамдық ко­­­миссияның ұсынымы бойынша бірнеше әріп­тесімізге Мемлекет басшысының бұ­қаралық ақпарат құралдары саласындағы сый­лықтары берілді. Олар – ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін Qazaq radiosy ра­диостанциясының бас редакторы Дулат Аби­буллаев, отандық тележурналистиканы да­мытуға үлес қосқаны үшін «31 арна» те­лерадиокомпаниясының тілшісі Ерқанат Көп­жасарұлы, Қазақстанның өңірлік сая­са­тын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйе­мел­деуге үлес қосқаны үшін «Индустриальная Кара­ганда» газетінің бас редакторы Оксана Мягких, Қазақстан журналистикасының жә­не ұлттық бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның дамуына үлес қосқаны үшін Qazaqstan ұлттық телеарнасының директоры Еркін Мұха­меджанов. Президенттің бұқаралық ақпарат құрал­дары саласындағы гранттары өңірлік жур­на­листиканы дамытуға үлес қосқаны үшін «Жетісу» телеарнасының редакторы Сәния Бай­тароваға, еліміздің телевизиясын дамы­туға үлес қосқаны үшін Almaty телера­дио­ком­па­ния­сының арнайы техника операторы Диас­кен Байтибаевқа, Мемлекет басшы­сы­ның қызметін белсенді әрі жан-жақты тү­сін­­­діріп, жариялап, көрсеткені үшін «Хабар 24» те­леарнасының жүргізушісі Әнуарбек Бірім­­жа­новқа, интернет кеңіс­ті­гінде ақ­па­рат тарату ісін дамытуға үлес қос­қаны үшін Baigenews.kz ақпарат агент­ті­гінің тілшісі Жа­дыра Жолмұхаметоваға тап­сырылды. Ал Adyrna ұлттық порталының шығар­ма­шылық ұжымына – Қазақстанның дамуы­ның өзекті мәселелерін қамтыған ақпарат­тық-талдамалық қызметі үшін, Ashyq alań қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашы­лық ұжымына қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қам­тамасыз етуге үлес қосқаны үшін, Astana ра­диосының шығармашылық ұжымына отан­дық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін, «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланды.