Көкшетауда бүгін таңертең облыстық сот ғимараты қоршауға алынды, – деп хабарлайды Aıkyn.kz порталының тілшісі.
Бұл туралы Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот қызметкері жұмысқа келіп поштасынан ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хатты анықтайды.
Дереу полицияға хабарлаған. Қазір ғимаратта мамандар мен полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.