Нұр-Сұлтан мен Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде сабақ болмайды, – деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.
«Қатты аязға байланысты 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Сонымен қатар қатты аязға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және 1-2 курс студенттері үшін және Жарма, Аягөз, Ұлан аудандарындағы мектептерде де сабақ болмайды.