Ұлытау облысын кімдер басқаратыны белгілі болды
Ұлытау облысын кімдер басқаратыны белгілі болды
Фото: saryarqanews.kz
3,887
оқылды
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар тағайындалды, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Бізде басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кейбір басқармалар біріктірілді. Енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бекітілді, – деді облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы. Президент әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіреді. Сондай-ақ облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Ұлантай Үсенов тағайындалды. Басқармалар басшыларының міндетін атқарушылар: Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы – М. Мырзабекова; Ұлытау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы – С. Балмағанбетов; Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Ә. Омар; Ұлытау облысы білім басқармасы – С. Төлекова; Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы – Л. Ранова; Ұлытау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – З. Ақылбекова; Ұлытау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Ж. Бегаев; Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғ. Төлеуов; Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қ. Имантүспов; Ұлытау облысы экономика басқармасы – Е. Мырзабеков; Ұлытау облысы қаржы басқармасы – В. Ставицкая; Ұлытау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы – А. Әйтенов; Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – А. Жандарбеков; Ұлытау облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – К. Смағұлов; Ұлытау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Т. Әлменов; Ұлытау облысы ветеринария басқармасы – Ә. Әбдікер.