Далада шіріп жатқан төрт түліктің терісі мен жүнінен ауру тарап жатыр – Мәжіліс депутаты  
Далада шіріп жатқан төрт түліктің терісі мен жүнінен ауру тарап жатыр – Мәжіліс депутаты  
Фото: azh.kz
1,268
оқылды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі С.Ертаев Премьер-Министрдің орынбасары Р.Склярға депутаттық сауал жолдап, төрт түліктің жүні мен терісін өңдеу мәселесін көтерді.     width= «AMANAT » партиясының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру, ауыл халқының жағдайын жақсарту және кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау. Депутаттың айтуынша, қазір ауылдық жерлерде  төрт түліктің терісін өңдеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Біз  оған жақында болған халықпен кездесу барысында көз жеткіздік.

Атап айтқанда, еліміздегі төрт түліктің терісі мен жүніне келсек:

2021 жылы жылқы – 130 мың бас;

ірі қара –1 миллион;

ұсақ мал ешкі мен қой 1,5 миллион  бас сойылған.

Биыл 5 айда 60 мың басқа жуық жылқы, 350 мыңдай ірі қара, 550 мың бас ұсақ мал сойылған. Біздің зерттеуіміз бойынша, биыл жылқы терісі экспортталған жоқ. Отандық тері өңдеушілер өңдеген жоқ. Ал ірі қараның 66 500 дана терісі экспортқа кетті. Қой-ешкінің терісі экспортқа мүлде шықпады. Халық амал жоқ, ауыл маңындағы күл-қоқысқа тастауға мәжбүр, соның салдарынан еліміздің экологиясы зардап  шегіп отыр. Далада шіріп жатыр. Себебі тері мен жүнді экспорттауға  кедендік баж салығы қойылған. Яғни, теріні шетелге сататын болсаң, тоннасына 200 еуро төлейсің,  яғни  100 мың теңге. Сондықтан теріні шетелге шығару тиімсіз болып отыр. Олар басқа  елдерден нарығын тауып алды. Кедендік баж салығын алып тастап, шетелдік нарықты қайта табуға тиіссіздер. Ал жүнге келетін болсақ, онда да 10% баж салығы бар. Мысалы, 1 миллион $ жүн алса, 100 мың $ төлеу керек болады. Мұндай салықтан кейін қандай ел біздің төрт түліктің жүн-терісін алады? Тері, жүнді кедендік баж салығын алып тастау үшін бірқатар министрлік өкілдерімен хабарласып, осы мәселе бойынша сөйлескенде, барлығы дұрыс деп келіседі және  ведомствоаралық комиссияда талқыланып жатыр деп жауап береді.  Бірақ бұл үлкен проблеманы Сіздер талқылап жатқанда экологияның тас-талқаны шығып жатыр. Отандық он  шақты тері өңдеу зауытын қолдау үшін, ауыл халқын табысынан айырып, табиғатымызды ластауы керек пе? Отандық тері өңдеушілерді қолдау керек. Бір жылда 1 миллион қой сойылады. Соның терісін 500 теңгеден  алып, қабылдайтын болса, 500 миллион болады. Сонда ауылға қаржылай табыс кіреді. Халық жұмыспен қамтылады әрі табиғатты қорғаймыз. Тері өңдейтін зауыттарға пайызсыз несие беріп, бәсекелестікке шыдайтындай оларға айналымға қаржы беру керек. Осылайша, қаржы беру арқылы қолдау  керек. Жүн мен тері іріп-шіріп қоқыста жатыр. Оған құстар қонып, түрлі ауру таратуда. Осындай  проблемалық мәселе салдарынан кейбір тауарға экспорт жабылып қалып жатыр.